Жұмыспен қамту орталығына 10 жыл

Жұмыспен қамту орталықтары 2011 жылдан бері жүйелі түрде жемісті еңбек етіп келеді. Еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды мақсат еткен орталықтар ашылған сәттен бастап 2017 жылға дейін «Жұмыспен қамту» және «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» бағдарламаларына басымдық берсе,  2017 жылдан қазіргі таңға дейін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда.

Жұмыспен қамту орталықтарында бірыңғай жұмыс стандарттарын негізге ала отырып  арнайы дайындалған қызметкерлер жұмыс істейді. Орталық директоры Алуа Құрманғалиеваның айтуынша, халықты әлеуметтік қорғау саласына стреске төзімді, шыдамды және мейірімді жандар қызмет етеді. Бесқарағай жұмыспен қамту орталығының барлық қызметкерлері өз ісінің шеберлері деп айтуға болады. Негізі қаланған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыспен қамту орталығының маманы ретінде ең жауапты учаскеде Әлия Семибай, Альмира Какимова еңбек етуде, сондай-ақ ұзақ жылдар жұмыспен қамту саласында жұмыс істегеннен кейін құрметті демалысқа шыққан жұмыспен қамту орталығының директоры болған  директоры Дәметкен Байғалиқызы Көшкенова, бухгалтер Вера Васильевна Шилоносова, техжұмыскер Бағлан Әбуғалиқызы Оразбекова еңбек етті.

Аталмыш орталық қызметкерлері аудан көлемінде ұйымдастырылатын барлық шараларға белсене қатысады. Коронавирус пандемия кезінде жұмыспен қамту орталығының мамандары мен ассистенттері аудан әкімдігімен және жастар үйімен бірлесіп, ерікті ретінде қайырымдылық шараларына қатысқанына куә болдық. Волонтерлік қызмет үшін   Н.Пернебай мемлекет басшысының Жарлығымен «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Сондай-ақ ассистенттер Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Құрмет грамоталарымен марапатталды. Орталық директоры Алуа Какуашқызы Мадина Әділханова, Әсет Әбілов, Қымбат Тоқтағазин, Әсел Қасымғожина, Әсел Табухтинова, Сұңғат Амангелдин, ауылдық округтердің ассистенттері Дана Байболова, Ақерке Ахметова, Гүлмира Көкеева, Қарлығаш Рахымжанова, Зухра Салкенова, Жанерке Бекболатова және Алина Жукова сынды орталық қызметкерлерін де өз ісінің мамандары ретінде атап өтті.

Бұл орталық он жылдық тарихында көптеген жанұяның қиын жағдайдан шығып, жұмыссыздар қатарынан кәсіпкерлер санатына енуіне жол ашты. Жерлестерміздің қайтарымсыз гранттар арқылы мемлекеттік көмекті алуына мүмкіндік берді.

-Бірінші кезекте, халықты жұмыспен қамту орталықтары халыққа және жұмыс берушілерге барлық мемлекеттік қызметтерді тегін көрсететінін атап өткім келеді.

2017 жылдан бастап «Еңбек» бағдарламасы бойынша қаржылық қолдау қоры және Агрокредиттік корпорация арқылы шағын және орта бизнес ашуға 40-тан астам микрокредит берілді. Өңірлік комиссияның шешімімен табысы аз және көп балалы отбасыларды, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі адамдарды, сондай-ақ NEET санатындағы қоныс аударушылар мен жастарды қолдау үшін бағдарламаның 271 қатысушысына өтеусіз гранттар берілді.  Ауылда бизнесті дамытудың негізгі бағыты мал шаруашылығына негізделеді.

Айта кетсек, жыл сайын жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша бағдарлама қатысушылары «Еңбек» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстарда оқытудан өтеді. Ағымдағы жылы ветеринарлық басқарманың өтінімі негізінде Семей қаласының агротехникалық колледжінің базасында ветеринарлық санитарлар тобы оқытылуда.

Сондай-ақ, ауданда математика, ағылшын тілі мұғалімдеріне, кардиолог, дерматолог, окулист, лор дәрігері сынды медицина қызметкерлеріне және эпидемиолог,  ветеринар мамандарына сұраныс бар.

Ерболат РАХМЕТУЛИН

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай