Қ.Тоқаев: ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕНДЕРДІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТУ – ПЕРЗЕНТТІК БОРЫШЫМЫЗ

ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Тарихи деректерге сүйенсек, репрессия жылдарында Қазақстанда 118 мың адам сотталып, олардың 25 мыңы ату жазасына кесілген. Ресми деректер бойынша, 1926 – 1939 жылдар аралығында қазақтың саны 2 млн-ға азайып кеткен.

тәуелсіздік алғаннан кейін, 1993 жылы, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, 1997 жылдан бастап Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып ресми түрде жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2020 жылы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Бүгінде аталған комиссия еліміздің барлық өңірлерінде кеңес дәуірі кезеңінің барлық санаттағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты деректерді жинай отырып, тарихи әділеттілікті қалпына келтірумақсатында жұмыстар жүргізуде. Шығыс Қазақстан облысында да өңірлік комиссия және жұмыс топтары құрылды. Бұл ретте https://e-vko.gov.kz/ru/Repression/Index «Электрондық қызметтер орталығы» порталына кіріп, қажетті мағлұматтар енгізуге болады.

Мемлекет басшысы айтқандай, біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету –  баршамыздың перзенттік борышымыз.

 Редакциядан

 

Өткен тарихымызды қанша рет парақтасақ та біздің оны өзгертуге күшіміз жетпейді. Ол мәңгі қалыптасқан тарих. Ел басына түскен ауыртпашылық адамдар санасында ешқашан ұмытылмауы тиіс. Тарихтың ащы сабағынан үйренбей, зерделемей бүгінгі тəуелсіздік алған елімізді ілгері дамыту мүмкін емес. Бүгінде сол кезеңнің көптеген қиынтықтары да артта қалды. Алайда қарапайым қазақ халқы ХХ ғасыр басында өз тарихының аса ауыр кезеңінің бірі, ұлт санының тең жартысына жуығын жалмап кеткен алапат аштықты  бастан өткерді. Бұл жылдардағы ұлт басына түскен нәубетті халқымыз «ұлы жұт» деп атап кетсе, артынша келген қасіретті «Қазақ қасіреті» немесе «Қызыл қырғын» деп атаған еді. Бұл сайда қалған сүйектерді санап тауыса алмай, жерлеп, жинақтай алмаған, тумас ағайындарының қалай аштан өлгенін көре алмай солақай саясатқа қарсы шыққан  қазақтың көзі ашық азаматтарының жаппай қуғын — сүргіні еді. Қазақ қайраткерлері ұлт ісіне ерте есейген есті санамен, жалындап тұрған жастық жігермен құлшына кірісті.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін жыл сайын атап өтудің мəнділігі сондықтан да туындап отыр.    Кітапханада ұйымдастырылған «Өткенге тағзым. Нельзя забыть…» деген кітап көрмесі ұйымдастырылуда.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары десек алдымен «Репрессия құрбандары – Алаш алыптары» еске түседі. Көз көріп, құлақ естімеген сұмдық қуғын-сүргін құрбандарының алғашқыларының арасында  болған  Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров т.б. зиялыларды контрреволюциялық ұйымдардың мүшесі, Кеңес Үкіметінің жауы т.б. жалалармен ұзақ мерзімге сотталып, бас еріктерінен айрылып, көпшілігі атылып, жер аударылғандары туралы  жазылған әдебиеттер мен мақалалар көрмеге қойылды.  Көрмедегі  «Тарихи құжаттар» бөлімінде тоталитарлық жүйенің құрбандарына қатысты  деректер мен құжаттар қойылған. Оқырмандарға Қ.Қасенов пен Ә.Төрехановтың «Қызыл қырғын 37-де опат болғандар», «Азалы кітап», Мария Терениктің «Дорогами  ГУЛАГа»,  «Трагедия казахского аула 1928-1934», «Красный террор. Из истории политических репрессий в Казахстане»,  «Дело №…Летопись горького времени», «Түнекте тұншыққандар» т.б. . осынау қорқынышты, қасіретті кезеңді бастан кешіріп, тірі қалғандардың естелік, очерктері,    әдебиеттермен қатар мерзімді басылымдардағы                                                                                             мақалалар қойылды.  Сонау қасіретті де қайғылы Сталинндік репрессия жылдары туралы айтылатын,  «Сталиндік қуғын-сүргін…»,  «Алаш Орда зиялы қауымдары»,  «Депортация народов» бейне фильмдері , фильмдерде жазықсыз жапа шеккен партия қайраткерлері, ғалымдар, дипломат, жазушылар, т.б. қарапайым еңбек адамдары  туралы айтылады. Сталиннің шектен шыққан қатыгездігінен ажалынан бұрын көз жұмған, концлагерьлер мен түрмелерде адам айтқызғысыз азап шеккен, шектен шыққан қорлық пен зорлықтан миллиондаған құрбандарды рухани жарымжан  еткен  «АЛЖИР, КАРЛАГ» лагерлері туралы, сол ауыр кездегі адамдардың қандай қиыншылықпен Қазақстан жеріне жетіп, тек қана қазақ  халқының қонақжайлығы мен олардың көмегі арқасында тірі қалғандықтары туралы  айтылған, солардың ұрпақтарының  естеріне ала отырып жылы лебіздерін білдірген бейне слайд дайындалды.  Қазақстанда тұратын әрбір ұлт өкілдері өз бабаларын есінен шығармай, аға буын өз ұлттық мәдениеті мен салт дәстүрлерін құрметтей отырып, еліміз соның барлығын қолдап, тиісті жағдайлар жасап отырған бірден –бір мемлекет.  Тарихтың ащы сабағынан үйренбей, зерделемей бүгінгі тəуелсіздік алған елімізді ілгері дамыту мүмкін емес. 1937-1938 жылдардағы ұлтымыздың ұйтқысы болған тұлғаларды тегіс тұтқындап, қырып-жойған жойқын жазалауды, ел басына түскен ауыртпашылықты адамдар санасында ешқашан ұмытылмауы тиіс.

Жанат АЛПЫСПАЕВА,

аудандық кітапхана директоры

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай