ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ – ТАБЫС БАСТАУЫ

Бесқарағай ауданы бойынша 2025 жылы 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант 7 адамға мақұлданып, әрқайсысы жеке кәсіптерін бастады. Солардың қатарында Бесқарағай ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Анар Оразтанова және Глуховка ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Жұлдыз Мамырбаева бар. А.С.Оразтанова «Шұжық өнімдері» бағыты бойынша жаңа бизнес-жобасын қолға алса, Ж.К. Мамырбаева «Halal fast-food» бағытында өз өнімдерін әзірлеуде.

2025 жылғы 27 қыркүйекте Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы алаңда «Еңбек күніне» арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шара аясында қайтарымсыз грант иегерлерінің көрмесі де ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге Бесқарағай ауданынан Мансап орталығының директоры А.Курманғалиева, орталық маманы С.Е.Амангельдинов, сондай-ақ грант иегерлері А.С.Оразтанова мен Ж.К.Мамырбаева қатысты.

Бұл күні грант иегерлерінің бірі сауда сөрелерін шұжықтың түр-түрімен толтырса, екіншісі өз қолымен әзірлеген түрлі halal fast-food өнімдерін қала тұрғындарына тиімді бағада ұсынды.

Алдағы уақытта жас кәсіпкерлер өз істерін кеңейтіп, табыс көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Біз де оларға тек сәттілік тілейміз!

 

С.АМАНГЕЛЬДИНОВ,
Мансап орталығының маманы

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай