Бүгінгі күнге жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету үшін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» жұмыс істейді.
Бағдарлама аясында бағдарламаға қатысушы халықты техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету; жаппай кәсіпкерлікті дамыту; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту көзделген.
2021 жылы 50 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 12 340,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде облыстық бюджеттен 20 адамға 5538,0 мың теңге сомасында; жергілікті бюджеттен 30 адамға 6802,0 мың теңге сомасында қаржы бөлінді.
2021 жылдың 26 мамыр-26 тамыз аралығында жұмыс берушілердің өтінімімен «Ветеринарлық санитар» мамандығы бойынша 21 адам қысқа мерзімді оқуды аяқтап, куәліктерін алып, жұмысқа орналасты.
Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Қазандық операторы» мамандығы бойынша 1 айлық қысқа мерзімдік курсқа 30 адам жіберу жоспарлануда.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жаңа идеяларды іске асыру мақсатында гранттар мен несиелер қарастырылған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға жылдың басынан 26 жолдама беріліп, оның ішінде 8 адам 29 223 590 теңге сомасына несие алды.
«Бастау бизнес» жобасы аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар арқылы 81 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алды.
Ағымды жылы жаңа бизнес-идеялардың ашылуына 117 грант бөлінді.
Есепті күнге 92 адам 584,3 мың теңгенің грантын алды. Яғни барлығы 53 672,8 мың теңге сомасына жұмыссыз және өзін — өзі жұмыспен қамтыған 27 адам; 26 жас; 12 аз қамтылған отбасы; 11 көп балалы отбасы; 6 мүмкіндігі шектеулі тұлға мал шаруашылығын дамыту, тігін цехын ашу, кондитерлік өнімдер өндіру, жылыжай салу, аяқ киім жөндеу шеберханасы, жиһаз цехын ашу жобалары бойынша грант ұтып алды.
Нәтижесінде бағдарлама қатысушылары өз бизнесін ұйымдастырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрып, өздерін жұмыспен қамтамасыз етті.
Бағдарлама қатысушылар жастар тәжірибесі; әлеуметтік жұмыс орындары; ақылы қоғамдық жұмыстар жобалары арқылы жұмыспен қамтылады.
2021 жылы жастар тәжірибесін ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 43 қатысушыға 18 816,0 мың теңге бөлінді.
Жалпы сипаттағы трансферттердің жоспары 11 адамға 5 251,0 мың теңгені құрайды,бөлінген қаражат толықтай шешілді.
Жоспар жергілікті бюджеттен 9 адамға 3 976,0 мың теңгені құрайды. Жалпы жылдық жоспар 53 адам, есепті күнге бағдарламаның 33 қатысушысы жолданды немесе 62 %-ы. Бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес, бағдарлама қатысушылардың саны толық көлемде қамтылатын болады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 41 адамға 11 284,0 мың теңге бөлінді, оның 5684,0 теңге шешіліп, 5600,0 мың теңге қалды.
Жалпы сипаттағы трансферттердің жоспары 18 адамға 5100,0 мың теңгені құрайды.Оның 4590,0 тенгесі шешіліп, 510,0 тенгесі қалды
Жоспар жергілікті бюджеттен 20 адамға 3 428,0 мың теңгені құрайды.
Жылдық жоспар 45 адам болса, есепті күнге бағдарламаның 44 қатысушысы әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 250 адамға 65394,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 40 адамға 28 080,0 мың теңге; жергілікті бюджеттен 210 адамға 37 314,0 мың теңге бөлінді.
Есепті күнге қоғамдық ақылы жұмыстарға 241 жұмыссыз жіберілді немесе 96 %-ы.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде, жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру арқылы адамдардың жұмыс күші артық облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға ерікті түрде қоныс аударуын ынталандырады. Ағымды жылы квотаға сәйкес, қоныс аудару бойынша жоспар 6 отбасын немесе 20 адамды құрайды. Қоныс аудару бойынша жоспар толық көлемде орындалды.
Қазіргі уақытта жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (шартты және шартсыз) жұмыс істейді, бұл аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі жәрдемақының жаңартылған түрі. ІІІ тоқсан бойынша 149 өтініш келіп түсті, онда 688 адам бар. Жан басына шаққандағы орташа табысынан асуы себебінен 19 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жоқ. (аз қамтылған отбасылар -10, оның ішінде 44 адам, көп балалы отбасылар – 9, оның ішінде 58 адам).
Бесқарағай ауданы бойынша кепілдендірілген әлеуметтік пакетті жеткізу үшін жеткізуші ретінде ЖК «Сатыбалдина» тіркелген. Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік әлеуметтік көмек толық көлемде берілді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру бойынша халықпен және жұмыс берушілермен түсіндіру жұмысын тұрақты негізде жүргізеді.
Р.Заденов,
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы