Семей қаласында 1985 жылдан жоғары ерлер арасында өткен ашық волейбол чемпионатына Абай облысының әр аудандарынан және Семей қаласынан ең мықты командалар қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтті, командалар бір-біріне мықты қарсылас болып, тартысты ойындар көрсетті.
Нәтижесінде Бесқарағай ауданының ерлер командасы үздік ойын көрсетіп, чемпион атанды. Бұл жеңіс – аудан спортының дамуы мен жерлестеріміздің еңбекқорлығының нақты дәлелі. Команданың әр мүшесі өз шеберлігімен көзге түсті, ал жаттықтырушылардың кәсіби дайындығы мен аудан спортын қолдаудың арқасында осындай жетістікке қол жеткізілді.
Жарысқа келген көрермендер де жеңімпаздарды қолдап, ойын барысында жігерлілік танытты. Чемпионат кезінде Бесқарағай командасының ойыны көптеген көрермендерге шабыт сыйлады.
Барша Бесқарағай халқының атынан чемпиондарды шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда да жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз! Бұл жеңіс аудан спортын дамытуға, жас спортшыларға үлгі болуға үлкен серпін береді.
