Пасха мерекесі  тойланды

Пасха мерекесі  тойланды

Пасха мерекесі  тойланды

27 сәуір күні Бесқарағай аудандық Достық үйінде «Пасха» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.   Әртүрлі христиан конфессиялары әрқилы күнтізбе қолданатындықтан, Пасха мерекесі әрдайым бір уақытқа сәйкес келе бермейді. Бұл мерекеге этномәдени бірлестіктердің өкілдері және Семей қаласынан келген қонақтар «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігі қатысты.

Барлық православтар және католиктерді аудандық мәслихат хатшысы М.Абылгазинова, неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Н.Зигле мерекемен құттықтады.

Семей қаласынан келген ұжым»Анхайт» вокалды тобының көңілді әндерімен қуантты, жерлесіміз Дмитрий Лобанов баян аккордымен өз туындысының әсерлі әндерін орындады.

Мәдениет үйінің әртістері А.Төлеуов, А.Асылханова, Д. Мұратбаеваның орындауында әндер шырқалды. Сондай-ақ Достық үйінің белсенділері В.Бурдинский мен Г.Оразбекова қатысты.

Іс-шара қонақтары Пасха ойындары мен конкурстарға белсенді қатысты.

Христиандар бұл мейрамда тәтті тоқаштар таратып, жұмыртқаларды түрлі түске бояйды. Пасха тағамдары бар мерекелік дастархан басында әндер, әзілдер мен құттықтаулар айтылды. Мереке барлығына жағымды әсер мен қуанышты көңіл-күй қалдырды.

И.КАЛТАЕВА,

Аудандық Достық үйінің директоры

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай