Абай облысында құрылыс саласы ерекше бақылауда

Өткен жылы облыстық құрылыс басқармасы салынып жатқан нысандарға тексеру жүргізіп, үш нысан бойынша келісім-шарт тоқтатылған.

Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында атап өткендей ұзаққа созылған құрылыстың негізгі себебі қаражаттың жетіспеушілігі болып табылады.

– Құрылыс мерзімдеріне қатысты кез келген объектінің нормативтік мерзімі мен құрылыс ұзақтығы болады. Бұл мерзімдер сараптама қорытындысына сәйкес көрсетіледі. Мерзім ұзақ немесе қысқа болуы мүмкін, сонымен қатар мерзімдер келісім-шарттық қатынастарға байланысты. Егер құрылысты басқару объектілері туралы айтатын болсақ, яғни уақыттан кешігу фактілері болуы мүмкін. Бірақ бұл әдетте қаржыландыруға байланысты – бастапқыда қаражаттың бір бөлігі бөлінеді, қалған қаражат кейіннен бөлінеді. Сондықтан құрылыс нормативтік мерзімнен сәл асады, – деді Айдын Бегімбеков.

Басқарма басшысы өткен жылы үш нысан бойынша сот отырысында жеңіске жеткеніндігіне тоқталды.

— Біз барлық жобаларымызға заңды қолдау көрсетеміз. Өткен жылы үш келісім-шартты біржақты тәртіппен бұзуға өтініш бердік, барлық сот процестерінде жеңіске жеттік. Соңында біз мердігерлермен медиациялық келісімге келдік. Сондықтан, осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деп қорытындылады спикер.

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай