Бүгін орталық алаңында 1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мереке Бесқарағай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлының әсем құттықтау сөздерімен бастау алды.
Мерекелік концерт барысында аудан тұрғындары мен қонақтары ауданымыздың шығармашылық ұйымдарының өнерлерін тамашалады.
Сондай-ақ, аудан тұрғындарының назарына «Достық дастарханымен» фотозона ұйымдастырылды.
Құрметті жерлестер, сіздерді бүгінгі мерекемен тағы да шын жүрекпен құттықтаймыз! Әртүрлі ұлт пен этнос өкілдерін өз құшағына алып, жерұйыққа арналған Отанымыз Қазақстан көркейе берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!