Жас ұрпақтың алаңсыз білім алуына жағдай жасау – мемлекеттік маңызды іс. Жыл сайын бұл салаға ел қазынасынан қомақты қаржы бөлініп, білім ошақтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық-техникалық базасы нығайтылады. Биыл Бесқарағай ауданындағы 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 210,4 млн. теңге бөлінді.
Бөлінген қаржы есебінен Сосновка орта мектебінде жарықтандыру, жылыту және электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу, Семеновка және Өндіріс орта мектептерінің электр жабдықтарындағы кемшіліктерді жою көзделген. Сонымен қоса, Бөдене орта мектебінің терезесіндегі мәселелерді шешіп, сумен жабдықтау, кәріз және желдету желілерін ағымдағы жөндеу жоспарланып отыр.
Беген, Глуховка және Н.Баймұратов атындағы орта мектептерінің жылыту жүйесін жөндеу де биылғы жылдың еншісінде.