Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка ауылының «ASMUS»шаруа қожалығының аумағында каринтинді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 235 ұсынысы негізінде, Глуховка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка ауылындағы «ASMUS» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін. 2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глуховка ауылдық округінің әкімі А.Тастенбеков