Қоянбай орта мектебі ұжымының 2020-2021 оқу жылында жеткен жетістіктері көп.
Атап айтсақ, «Халықаралық ғылыми педогогикалық білімді дамыту академиясы» ұйымдастырған олимпиадаға бірнеше оқушы қатысып, 12 оқушы І және ІІ дәрежелі сертификатқа ие болды.
Республикалық, облыстық қашықтықтан ұйымдастырылған олимпиадаларға мектеп бойынша бірнеше оқушы қатысып, жүлделі орындар иеленді. Қазақстандық интернет олимпиадасы, республикалық ұлттық интернет олимпиадасына жалпы саны 18 оқушы қатысып, 13 оқушы І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштық» республикалық жарысының облыстық кезеңінде бір оқушымыз, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған «Жұлдызды жеңіс» атты облыстық марафонда өз шығармашылығы бойынша екі оқушымыз сертификатқа ие болды.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Еліміздің еркіндігі — Тәуелсіздік» тақырыбындағы «Балалар бастауы — 2021» әлеуметтік жобалар байқауына «Көк туымыз – Тәуелсіздік айнасы» тақырыбы бойынша екі оқушы облыстық кезеңге жолдама алып, сертификатқа ие болды.
Аудан бойынша мектеп оқушылары арасында өткен пән олимпиадасында 8 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 1 оқушы география пәні бойынша облыстық кезеңге қатысты. Жалпы 2020-2021 оқу жылында Қоянбай орта мектебін штаттық режимде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып 83 оқушы тамамдады. 4 оқушы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, ортақ ұпай 79-ды құрады. 1 оқушы «Алтын белгі» төс белгісімен, 3 оқушы негізгі орта білім туралы үздік куәлікпен марапатталды.
Оқушыларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету мақсатында мектеп жанындағы «Балдырған» лагері 1 маусым күні өз жұрмысын бастады. 3 маусым ішінде 32 балдырған жазғы демалыспен қамтылды.
Көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларының ішінен 3 оқушы ата-аналарының өтініші негізінде «Түрксібке-50 жыл» жазғы сауықтыру лагеріне барып, алты күн демалып, уақыттарын қызықты өткізді. Ата-аналардың ұйымдастыруымен 18 оқушы Шошқалы көліне барып демалды.
1 маусым балаларды қорғау күніне орай мектептің қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасылардан шыққан үш оқушыға жазғы киім-кешектер сыйға тартылды.
Жыл сайынға дәстүрге айналған республикалық «Жүректен жүрекке» акциясы аясында 11 көп балалы отбасы балаларына өз қалаулары бойынша кеңсе тауарлары, футбол добы, аяқ киім, сурет салу құралдары сыйға берілді.
Аз қамтылған отбасынан 2 оқушы, патронаттық тәрбиедегі 1 оқушы және қамқоршылық кеңестің шешімімен 37 оқушы, жалпы саны 40 оқушы бір мезгілді тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Жаңа 2021-2022 оқу жылында 40 оқушы мектеп формасымен, 40 оқушы спорткиімдерімен, 40 оқушы қысқы аяқ киіммен, 2 оқушы кеңсе заттарымен қамтамасыз етілмек.
2020 – 2021 оқу жылында мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Атап айтсақ, барлық сыныптарға жаңа парталар, жазу тақталары, ирнформатика кабинетіне компьютермен ноутбуктер алынды. Жылу жүйесінде, оқу кабинеттеріне ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілді. «Қоянбай орта мектебі» КММ-і жаңа 2021-2022 оқу жылына толықтай дайын деп айта аламыз.
К.АХМЕТЖАНОВА, «Қоянбай орта мектебі»КММ-нің тәрбие ісі меңгерушісі.