«АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ, АҚ ЖОЛ ТӘРБИЕСІ»

    "АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ, АҚ ЖОЛ ТӘРБИЕСІ"

«Балалар жылы»

    «АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ, АҚ ЖОЛ ТӘРБИЕСІ»

 

Сәрсенбі күні «Рухани жаңғыру»бағдарламасының аясында және Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы, «Балалар жылына» орай «Ананың аялы алақаны, ақ жол тәрбиесі» жобасы басталды. Бұл жобаға Бесқарағай ауданының барлық 10 округі жыл бойы қатысады. 27 сәуір күні Бесқарағай ауылдық округі бірінші болып бастап, аудандық Достық үйінде байқау өтті.

Отбасылық байқауда Бесқарағай ауылдық округі бойынша Аналар кеңесінің төрайымы Л.Шахворостова Борас орта мектебінің 2 сынып оқушысы, немересі Артеммен және Балалар өнер мектебінің директоры Г.Байқадамовамен қатысты.

Бесқарағай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Р.Кисамиева, Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектеп директоры Г.Тилеубекова, Бесқарағай  аудандық орталық кітапханасының директоры Ж.Алпыспаева, Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Құрманғалиева жоба байқауына қазылық етті.

Үш кезең бойынша ұйымдастырылған байқаудің бірінші турында қатысушылар бейне-сюжет арқылы өз отбасымен таныстырды, екінші турда Людмила Шахворостова «Семей Орманы» авторлық  Әнұранын, ал Гүлфира Байқадамова синтезаторда ойнап, танымал қазақ композиторларының әндерінің поппуриін орындады. Барлық қатысушылар оның сүйемелдеуімен белсенді ән айтты. Үшінші турда Людмила Григорьевна халық байлығының символы ретінде, нан ретінде жер пішініндегі тортты Ту бейнесімен көмкеріп, раушанмен безендірді.  Гүлфира Алшынханқызы қазақтың ұлттық тағамы-бешбармақ пен бауырсақ пісірді. Дастархандағы ас дәмді болды жоғары дәрежеде безендірілді. Ең бастысы ол Достық дастарханы еді.

Белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен және сертификаттарымен марапатталып, Алакөл көлінің жағалауындағы «Людмила» қонақ үйіне жолдама алды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Мәдениет үйі мен Тәуелсіздік алаңындағы Достық аллеясына пирамидалық теректер мен шыршалар отырғызу акциясы өтті. Оған Людмила Григорьевна немересі Артеммен бірге белсенді қатысты.

 

Г. ОВСЯННИКОВА,

Аудандық Достық үйінің әдіскері

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай