Аудан әкімінің тапсырмасына орай кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі жанынан арнайы топ құрылды. Арнайы топ мүшелері аудан әкімі Талғат Мұратовтың қатысуымен аудан аумағындағы жанармай бекеттеріне барып, баға тұрақтылығын бақылады.
-Жарнамай бекеттерін аралау барысында жарнармай бағасының тұрақты екендігіне және жанармай тапшылығы мәселесінің жоқтығына көз жеткіздім. Арнайы құрылған топ, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бағаны негізсіз өсірмеу бойынша тиісті ақпараттар беріп, жанармай қорының болуын әр кез бақылауда ұстауды тапсырды. Аталған топ күнделікті тексеріс жүргізіп, ақпарат ұсынатын болады,- деді Талғат Батырұлы.