24 қаңтар күні аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров «Nur Otan» партиясы филиалында азаматтарды қабылдады. Азаматтарды қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Мейрамгүл Абылгазинова, облыстық мәслихат депутаты Айнаш Әменова, «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мекеме және бөлім басшылары қатысты.
Аудан әкімінің қабылдауына жазылған тұрғындар жұмыспен қамту, материалдық көмек көрсету, инфрақұрылымды дамыту және жылу мәселелерімен жүгінді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге нақты жауаптар беріліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
«ББ»-ақпарат