3 қыркүйек күні жетінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті.
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 61/2-VI «2021-2023 жылдарға арналған Бесқарағай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы М.К.Абылкасова баяндады.
Сондай-ақ «Әртүрлі» бөлімінде «Бесқарағай ауданының басқару схемасын бекіту туралы» шешімі мәслихаттың бекітуіне ұсынылды.
Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
М. Абылғазинова,
Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы