Тілегіміз – татулық, тірегіміз – тұрақтылық

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

 

Тілегіміз – татулық, тірегіміз – тұрақтылық

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Достық пен өзара түсіністіктің нышанына айналған бұл мереке Қазақстан қоғамындағы біріктіруші факторлардың біріне айналды.  Ортақ шаңырақ астында – мәдениеттерінің, тілдері мен дәстүрлерінің әралуандығы басты байлығына айналған, ал азаматтары жасампаздық пен даму идеясы айналасында біріккен ел болуымен де ерекшеленеді. Бір атаның балаларындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі үшін бірлік күні шын мәнінде де қазақстандық   патриотизмнің, өз еліне деген сүйіспеншілік пен оған адалдықтың мерекесі.

Бесқарағай ауданы – ұлтаралық қатынастың, бауырластықтың мекені. Бұл өлкеде қазақпен қатар орыс, неміс, украин, татар, белорус, өзбек әзірбайжандар, кәрістер, молдавандар, ұйғырлар, башқұрттар, дүнгендер, құмыс бен мариялықтар аварлар сынды 17 ұлт пен ұлыстың өкілі жарасымды ғұмыр кешуде.

Аудандық Достық үйі ұлтаралық келісімді нығайту, тілдерді, салт-дәстүрлерді, халықтар мәдениетін жаңғырту, патриоттық тәрбие беру мақсатында жұмыс істеп тұр.

Ауданда барлық ұлт өкілдеріне құрмет көрсетіле отырып, әртүрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Ағымдағы жылдың ақпан айында «Гуляй, раздольная масленица!» қыс мезгілін шығарып, көктемді қарсы алудың славяндық дәстүрі атап өтілді. Наурыз айында Ұлыстың ұлы күнін мерекеледік. Сонымен бірге Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен әртүрлә қлт өкілдері арасында «Қазақшаңыз қалай?» байұауы өтті.

Санаулы күн бұрын «Ананың аялы алақаны, ақ жол тәрбиесі» атты шара өтті. Шараға ауданымызды мекен еткен әртүрлі ұлыс өкілдері қатысып, бақ сынады.

Жалпы, Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынас жыл санап ныйым келе жатқандығы байқалады. Біздің ауылдың татулығы мен ынтымағы Бесқарағайдың ең үлкен жетістігі. Мереке қарсаңында шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Бірлігіміз бекем болсын!

 

Ю.СЛОНИЦКИЙ,

 Бесқарағай ауылдық округінің әкімі

 

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай