Музейге саяхат жасадық

Музейге саяхат жасадық

Музейге саяхат жасадық

Мұражайға саяхат жасау тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.

Оқушылардың бойында Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында өткен аптада Глуховка орта мектебінің  5 «а» және 6 «а» сынып оқушыларымен Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасадық.

Өткенге үңілмесек, келешекті болжау мүмкін емес, әрине. Бұл ретте мектеп директоры Асемхан Искаков мұражайға бару идеямызды қуаттап, рухани құндылыққа кенелуімізге жол ашты. Сынып жетекшілер  Л.Адылханова  мен  Н.Жұмағалиева оқушыларға өлкенің, өңірдің көрікті жерлері туралы сынып сағатында ақпарат беріп, тарихи танымдарын кеңейтті.  Саяхатқа  ата-аналар да бірауыздан келісім беріп, сапар сәтті өтті. Сондай-ақ қоғамдық шараларға белсене қатысатын әріптесіміз Аяулым Ахметкаримова да жанымыздан табылды, оқушыларға психологиялық тұрғыда әзірлеп, мұражай әдетіне үйреткен, түсіндіру жұмыстарын жүргізген  мектеп психологы А.Жұмаділованың, тәрбие ісінің меңгерушісі Т.Косякованың, мектебіміздің медбикесі К.Есқалиеваның еңбегін айта кеткен ләзім.

Мұражай қызметкерлері оқушыларды ерекше ілтипатпен қарсы алды.

Мұражайдың жетекші ғылыми қызметкері Анар Толеубаева экскурсия жұмысын жүргізді. Өлкетану мұражайы 7 залға бөлінген. Палеонтология залынан басталған  шолуымыз табиғат залы, археология, этнография, Тәуелсіздік залы, қала тарихы, жылжымалы көрме залы бөлімдерімен сабақтасты. Оқушыларымыз мұражай қызметкеріне өз сұрақтарын қойып, көптеген құнды ақпараттар алды. Балалар аса қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті

Айта кетсек, бұл мұражай – еліміздегі ең көне мұражайлардың бірі. Мұражай алғаш рет 1883 жылы ұйымдастырылған. Келесі жылы мұражайдың 140 жылдық мерейтойы болады.

Біздің мақсатымыз- тарихи ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды шығармашылық өнермен және туған жеріміздің мәдениетімен таныстыру еді. Білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу — біздің басты міндетіміз.

Өткен демалыс күндері рухани ұазынамызды молайтып қайтқандығымыз үшін қуандық. Мұражайдан соң кинотеатрға, ойын-сауық орталығына барып, балаларды қуанттық. Бір күндік саяхат соңында ата-аналар мен оқушылар бастамашыл ұстаздарға риясыз ризашылықтарын білдірді.

Н.ЖҰМАҒАЛИЕВА,

 Глуховка орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай