Бесқарағай ауданы, Бозтал ауылының тұрғындары, мәуелі бәйтерекке айналған ата-анамыз Кургамбаев Нұрлан Өмірбекұлы мен Кургамбаева Зауреш Смағұлқызының шаңырақ көтергеніне 50 жыл толды. Өмір жолында адамгершілік, еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділік сынды нағыз азаматтық қасиеттермен ерекшеленген ата-анамызды Алтын тойларымен құттықтап, өмірлерінің мәнді де сәнді жалғасуын тілейміз!
Алтын таққа лайықты асыл жандар,
Ұл-қызына ақыл боп шашылғандар.
Жетіпті Алтын тойдай асыл тойға,
Шаңыраққа ақ таң боп ашылғандар.
Бұйырыпты сіздерге осы бақыт,
Өміріңізбаға жетпес асыл ақық.
Тағы да 50 жылда бірге жүріп,
Болыңыздар отбасына алтын, жақұт.
50 жыл бақыт сізге бұйырыпты,
Ағайын қуанышқа жиылыпты.
Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де,
Бақыт нұры отбасыңа құйылыпты.
Өсіп-өніп көркейдің ұл-қызыңмен,
Биік тұрсың жарқыраған жұлдызыңмен.
Немерелер көбейіп өсіп-өніп,
Шөбереңмен бақытты бол, құндызыңмен.
Еңбегіңнің зейнетін көріп енді,
Отыратын ортада кезің келді.
50 жыл қыз өсіріп, ұл өсіріп,
Қиындықты тең бөліп, бірге жеңді.
Ортамызда отырыңыз қос шынар боп,
Жол сілтейтін алдымызға қос жанар боп.
Ауырмастан 100-ге жетсін жастарыңыз,
Шөпшекке де жетіңіз қос тұмар боп.
ІЗГІ ТІЛЕКПЕН: Балалары, немерелері, шөбересі.