ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ – КАНОНЕРКАҒА

Денсаулық – зор байлық. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту, медициналық қызмет пен дәрі-дәрмектердің сапасын жақсарту және олардың халыққа қол жетімді болуын қамтамасыз ету, отандық медицина ғылымын дамыту, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

– Алғашқы жәрдем адамдарға барынша жақындатылуы тиіс. Сапалы медициналық қызмет азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан бәріне бірдей қол жетімді болуы керек. Сонымен қатар, алдағы уақытта қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне және алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемге бөлінетін қаржыны, осы салаға жұмсалатын қаражаттың  жалпы көлемінің 60 пайызына дейін арттыру қажет,– деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 25 мамырында Бесқарағай ауданының аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Санқайбаевтың бұйрығымен Канонерка ауылының амбулаториясына жедел жәрдем көлігі берілді.

Канонерка ауылдық округі тұрғын тығыздығы жағынан қарағайлы өлкедегі ауқымды округ. 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мұнда 1542 адам тұрады. Сондай-ақ Қара – Мырза ауылының тұрғындары аталмыш амбулаториядан ем алады.

Жедел жәрдем көлігі тұрғындар денсаулығын нығайтуға, дер кезінде медициналық көмек көрсетуге жол ашады деген сенім бар.

Ерболат РАХМЕТУЛИН

 

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай