Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қазақстандықтар коронавирустық инфекцияға қарсы тегін екпе алуда. Бесқарағай ауданында 2021 жылдың 15 наурызынан екпе егу басталды.
Екпе жүргізу науқанынының басынан бастап Бесқарағай ауданына 1620 «Гам- КОВИД — Вак» (Спутник V) вакцинасы жеткізілді. Бұл вакцина коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша әлемде бірінші болып тіркелген вакцина. Вакцинаны 1520 адам алды, вакцина қалдығы -100 доза.
2021 жылдың 05 мамырында «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері мен олардың отбасыларына арналған«Sinopharm» компаниясының 200 доза Hayat-Vax SARS-CoV -2 (Жаппай өндіріс – Пекин биологиялық өнімдер институты Co Ltd/ келісім шарт жасаушы және партия өндірушісі – фармацевтика өнеркәсібі – Парсы шығанағы — Жулпар) вакцинасы жеткізілді. Қолданылған екпе – 110 доза, қалдық – 90 доза.
2021 жылдың 15 мамырында аталған вакцинадан білім беру бөлімінің қызметкерлері мен олардың отбасыларына арналған 250 доза вакцина келді.
Бесқарағай ауданының аудандық ауруханасы медицина қызметкерлерімен аудан тұрғындарының арасында екпе алу бойынша ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Барлық жасалып жатқан шаралардың коронавирустық инфекцияның болуы мүмкін жаңа толқынымен және маусымдық аурушаңдықтармен күресуге көмектеседі деп сенеміз. Біз үшін әр бесқарағайлықтың денсаулығын сақтау – маңызды.
Г.ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,
Бесқарағай аудандық ауруханасы Бас дәрігерінің орынбасары