Егін науқанына дайындық пысықталды

Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратұлының төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Отырысқа әкімдік мүшелері, аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде аудандағы эпизоотиялық жағдай және мал ауруларының алдын алу, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық, қылмыспен күрес, орман-дала және тұрмыстық өрттердің алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен бірге, есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстар мен сын-пікірлерді іске асыру бойынша атқарылған іс-шаралар баяндалып, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасының іске асырылу барысы жайлы ақпарат айтылды.

Алғашқы сауал бойынша баяндама жасаған «Бесқарағай-Вет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Е.Абдрахманов:

-Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жоспарға сәйкес жануарлар ауруларын уақтылы анықтау мақсатында лабораториялық зерттеулер және жоспар бойынша жұқпалы ауруларға қарсы алдын-ала егу жұмыстары жүргізілуде. Аймақтың эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету және аса қауіпті аурулардың алдын-алу жөніндегі негізгі шаралардың бірі, ветеринарлық шаралардың уақтылы жүргізілуі және жануарлардың козғалысын бақылауды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру,- деп атап өтті.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, бірінші жартыжылдықта  32000 бас ірі қараны серологиялық тексеруден өткізу жоспарланса, қазіргі таңда 9120 бас зерттелген. Зерттеу нәтижесінде 40 бас сарып ауруына оң нәтиже көрсетіп, ауру малдар Семей қаласының ет өңдеу кәсіпорыдарына тапсырылыпты. Ал ұсақ малдың жоспары 29000 бас болса, 7400 бас серологиялық тексеруден өткен. Оң нәтиже жоқ. Алдын алу мақсатында былтырғы жылы ауру ошақтары болған ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өтіп, егу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе, егін науқанына дайындық жөнінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Өміртаев баяндады. Бөлім басшысының айтуынша, биыл жоспар бойынша егіс алқаптары 61340 мың гектарды құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 101 пайызға өседі.

— Жоспар бойынша егін алқаптары өткен жылмен салыстырғанда 101 пайызға артып, 61340 гектарды құрайды деп жоспарлануда. Егіс жұмыстарын жүргізуге 72 шаруашылық қатыспақ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 207 теңге/литрден 2190 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, -деп атап өтті А.Өміртаев.

Айта кетсек, топырақтың құнарлылығын арттыру мақсатында тыңайтқыштар, жоғары сұрыпты тұқым сатып алуға келісім шарт жасалыпты. Сонымен бірге, бөлім басшысы айтқандай, «ҚазАгроЭкс» АҚ Бородулиха аудандық филиалының зертханасында тексерілген 578 тонна тұқымның барлығы сапасының жоғары болуымен ерекшеленген.

Үшінші мәселе бойынша баяндама жасаған Бесқарағай ауданының полиция

бөлімінің бастығы Ғ. Амангалиев  ағымдағы жылдың алғашқы 3 айында

86 қылмыстық іс қозғалып, 48  қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жіберілгендігін айтты.

Бесқарағай  ауданының аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірнеше рет «Құқықтық тәртіп»,  «Учаске», «Қару», «Қауіпсіз жол», «Назар аударыңыз, балалар»,  «Жасөспірім»,  «Мас жүргізуші- қылмыскер»,  «Стоп трафик», «Мал ұрлығы»  «Нелегал», «Браконьер» және тағы басқа көптеген  жедел алдын алу іс-шаралары өткізілгендігін айтқан бөлім бастығы жалпы аудандағы ахуал тқрақты екендігін тілге тиек етті.

-Қылмыстың алдын алу жұмыстарына сәйкес қылмыс түрлері азайып отыр,  жалпы ауданда криминогендік ахуал тұрақты. Десе де, атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан қазіргі уақытта ауданымызда белең алып отырған қылмыстардың бірі – алаяқтық қылмысы, оның ішінде интернет-алаяқтығы,- деді Ғ.Аманғалиев.

«2021-2023 жылдарға арналған Бесқарағай ауданы аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс- қимыл жөніндегі» бағдарлама әзірленіп, жүзеге асырылғанына қарамастан, әртүрлі әлеуметтік қосымшалара арқылы алдап соғатын алаяқтардың қатары азаймай тұрғандығын айтқан тәртіп сақшысы тұрғындарды әсіресе, онлайн саудада мұқият болуға шақырды.

Күн тәртібінде қалалған тағы бір мәселе – аудан басшысының тұрғындармен кездесуінде айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы. Жалпы, алғашқы тоқсанда аудан әкімі 32 рет тұрғындармен офлайн форматта кездесіпті.

Бесқарағай ауданы әкімінің халықпен тұрақты есепті кездесулерінің бекітілген кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 32 кездесу өткізілді. Жүздесу барысында жол, сумен жабдықтау, ТҮКШ, денсаулық сақтау, мәдениетті дамыту, спорт, экология және де өзге мәселелер бойынша 66 ұсыныс айтылған. Сол мәселелерге талдау жасалып, іс-қимыл жоспары дайындалуда.

Ал соңғы мәселе — «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасын іске асыру бойынша Жұмыспен қамту

ортылығының директоры   А. Құрманғалиева баяндап, бағдарлама жоспарға сай жүзеге асырылып жатқандығын айтты.

Отырыс соңында Талғат Батырұлы дербес сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмаларды уақытылы, сапалы түрде жүзеге асыруды тапсырды.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай