Бесқарағай ауылындағы кәсіпкерлік субъектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жүргізілген мобильді топтың рейді үздіксіз жалғасуда.
Ауданның мониторингтік тобы 20 нысанда санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау бойынша 5 тексеру жүргізді. Нақтырақ айтсақ, дүкендерде жеткілікті мөлшерде дезинфекциялық заттардың болуына, сатушылар мен сатып алушылардың бетперде мен қолғап киюіне және тұтынушылардың ара қашықтық сақтауына, нысанның санитарлық тазалығына, ғимараттың сыртында және кірер есікте ескерту ақпаратының болуына назар аударды. Сауда нүктелерінің жұмысшыларына тазалықты сақтау, санитарлық нормаларды бұзбау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барысында тәртіп бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қалыпты өмірге қайта оралу үшін барлық сақтық шараларын қатаң ұстануды жалғастыру керектігін естен шығармағанымыз абзал.