Бесқарағай ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Баскөл ауылдық округіне қарасты Башкөл ауылында көшелерден қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, Бөдене ауылында көше жарығын ауыстыру жұмыстары қолға алынды. Аталған бастама ауылдық жерлердегі өмір сапасын жақсартуға, түнгі уақытта қауіпсіздікті арттыруға және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан осындай жұмыстар жергілікті биліктің ауылдарды дамытуға ерекше көңіл бөлетінін көрсетеді. Тұрғындар тарапынан бұл бастамаларға оң баға беріліп, алдағы уақытта да инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобалар жалғасады деп күтілуде.
Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.