ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Бесқарағай ауданында 2022-2023 жылу беру маусымына қатты отынның жалпы қажеттілігі 24 922 тоннаны құрайды, оның ішінде білім беру нысандарына 6195 тонна, денсаулық сақтау нысандарына 1345 тонна, мәдениет нысандарына 414 тонна және тұрғындарға 16 968 тонна қатты отын қажет.

 

Аудан бойынша қыс мезгіліне 44 нысанды дайындау қажет. Оның ішінде отыз бірі қатты отынмен, біреуі сұйық отынмен, он бірі электрмен жылытылады.

Ауданда денсаулық сақтау саласында бір аудандық орталық аурухана, он жеті дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт және фельдшерлік амбулаториялық пунк  жұмыс істейді. 14 нысан және 1 қазандық пешпен, 3 мекеме электрмен жылытылады. Қазіргі таңда аудандағы барлық денсаулық сақтау нысаны жылу маусымына дайын.

Биыл аудандық орталық аурухананың қазандығы ағымдағы жөндеуден өтті. Қазандыққа «Кенжеханов А.Б.» ЖК мердігерлік ұйымы 1 977 000 теңге сомасына электр монтаждау жұмыстарын жүргізген.

Алдағы 2022-2023 жылдарғы жылу беру маусымына «Скрипников» ЖК-мен бағасы 14600 теңгеден 1 963 700 теңге соммаға келісімшарты жасалған.

Қатты отынның жалпы қажеттілігі 1345 тоннаны құрайды, оның ішінде аудандық орталық ауруханаға 1190 тонна, дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт, фельдшерлік амбулаториялық пунктке 155 тонна көмір қажет.

Бесқарағай ауданында төрт мәдениет нысаны халыққа қызмет көрсетуде.  Оның ішінде Канонерка және Қара Мырза ауылдарындағы екі клуб қатты отынмен жылытылады, Қарағайлы ауылындағы клуб және Борас бақша-мектебінің қазандығынан аудандық Мәдениет үйі жылытылады.

Жылу беру кезеңіне «Ер Нұрлы Жол» ЖШС-мен 414 тонна көлемінде көмір жеткізуге мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.  Мәдениет нысандары жылу беру маусымына толығымен дайын.

Аудан бойынша жиырма бір жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның он екісі қатты отынмен, бесеуі электрмен, екеуі жылу фонымен, біреуі пешпен және біреуі дизель отынымен жылытылады.

Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін қазандықтардың аумақтарын тазарту, жылыту жүйесін жуу және сығымдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Белокаменка негізгі мектебінде қазандық жабдығын, Бөденелі мектебінде «Бесқарағай Строй — Сервис» ЖШС-нің мердігерлік ұйымымен 6678,0 мың теңге сомаға 3 қабаттың жылу беру жүйесіне, Канонеркак мектебінде түтін құбырына жөндеу жүргізілсе, Қ.Рысқұлбеков атындағы мектепте көмір сақтауға арналған шатыр орнатылды. Кривинка, Семеновка және Мало-Владимировка мектептерінде электр қазандықтарына қосалқы бөлшектер, сондай-ақ Беген орта мектебінде орталық қозғалтқыш, 2 дана сорғы сатып алынды, қазандықтың төбесін жөндеу аяқталды,- дейді Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бөлімінің басшысы Сұңғат Назаров. Оның айтуынша 22 білім беру нысаны жылу беру маусымына дайын.

2022-2023 жылу беру маусымына 6195 тонна көлемінде қатты отын жеткізу үшін «Еңбек Жұлдыз» ЖШС-мен 79605,7 мың теңге соммасына келісім-шарт жасалған.

Ал тұрғындар үшін 16968 тонна көмір дайындау қажет.  Тұрғындарға көмір жеткізуді «Скрипников» ЖК және «Мечта» ф/х, «Сабырханов Б.» жеке кәсіпкерлері жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімдері шаруа қожалықтарының басшыларымен және жеке кәсіпкерлермен көмір жеткізуге меморандумдар жасады. Тамыз айынан желтоқсан айына дейін тұрғындарға көмір жеткізу кестесі дайындалды.

 

Ж.ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай