«ЖЫЛДАРЫМ – БАЙЛЫҒЫМ»

Елімізде қарттарға қамқорлық көрсету акциясы қазан айы бойы жалғасады. Осы айлық аясында өткен аптада аудандық Достық үйінде ретро нақышта «Жылдарым — байлығым» атты тақырыптық шара өтті. Достық үйінің концерт залы сол жылдарға сай безендірілді.

Салтанатты шараға жиналғандарды Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Баталов құттықтады және аудандық мәслихат хатшысы М.Абылғазинова, Аналар кеңесінің төрайымы Р.Қисамиева, Бесқарағай ауылдық округінің әкімі Ю. Слоницкий және мемлекеттік қызмет ардагері Т.Глазинский сөз сөйлеп, ардагерлерге денсаулық, күш-жігер және сергектік тіледі.

Кеш әдемі вальспен басталды. Мерекелік дастарқан басында этномәдени бірлестіктердің мүшелері жастық шақтың әуезді әндерінен шашу шашты. Түрлі сайыстар мен викториналарға қызыға қатысып, фильмдерден әндер мен сөз тіркестерін тауып, 60-80 жылдардағы танымал музыкалық шығармаларға танго, твист биледі. Мерекелік кешке қатысқандар бір бірімен танысып, араласып ерекше әсер алды. Өйткені көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоционалдық фон адамды оптимизмге және белсенді ұзақ өмір сүруге бейімдеп, күш-қуат береді. Осындай әсерде кештің қалай соңына жеткенін де білмей қалдық.

 

И.Қалтаева,

«Бесқарағай аудандық Достық үйі» КММ директоры

 

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай