Бесқарағай ауданының қаржы саласының қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында түсіндіру мақсатында құрылған халықтық штаб өз жұмысын бастаған болатын. Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Алмас Тәнібекұлының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесуде халықтық штаб мүшесі Тілек Құрметұлы жолдау бойынша толық түсіндірме беріп, референдумның маңыздылығын жеткізді.
Жиынға жиналған сала қызметкерлері АЭС туралы ойларын ортаға салды. Кездесу соңында Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын жеткізіп, үгіт-насихат тобының жұмысына сәттілік тіледі.
- #АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#НародныйШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек