Аудан әкімі Глуховкада

Бүгін аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев жұмыс сапары аясында Глуховка ауылдық округінде болып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Ол қар тазалау жұмыстарының барысын бақылады және жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, аудан басшысы Глуховка ауылдық округінен сайланған аудандық Мәслихат депутаты және жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауылдағы өзекті мәселелерді талқылады.
Жұмыс сапары барысында ауылда салынып жатқан су құбыры желісінің құрылыс алаңына барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Тиісті сала басшыларына нысанның уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің сапары барысында көтерілген мәселелер жергілікті билік тарапынан бақылауда болады.
Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай