Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне сұқбат берді.
Өз сөзінде ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясатты жалғастыратынын, 2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтетіндігін сұхбатында айтты.
Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқиға болатынын, байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екенін айтып өтті.
Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді деп есептеймін.
Бесқарағай аудандық Достық үйі жанындағы «Tumar-ai» вокалдық тобының мүшесі Нұрғайша Рахымбердіқызы Қалымжанова.