«Жас сарбаз» отаншылдыққа тәрбиелейді

Бесқарағай колледжінде студенттер арасында «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы өз қызметін белсенді түрде атқаруда. Клубтың мақсаты – студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық-патриоттық танымды, рухани-ізгілік көзқарастарын жүйелеу, қазіргі өмірдегі туындайтын қиын жағдайлардың талаптарын әлеуметтендіруге жағдай жасау.

Салауатты өмір салтын насихаттап, патриоттық тәрбиені іске асыру арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жоспар бойынша көптеген әскери-патриоттық шаралар өткізілді. Колледжіміздің директоры Раиым Нургалиевтің қолдауымен клубта материалдық база толықтай нығайтылды, қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілген, барлық керекті жағдай жасалуда.

Екі жыл арасында студенттер өз белсенділіктерін арттырып,  аудандық, қалалық, облыстық, онлайн және офлайн сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. ТМ-212 тобының 1 курс студенттері
Алмас Құрманғалиев, ағайынды Баяндинов Берік пен Серік,
МР – 223 тобының 2 курс студенттері Данил Смирнов, Юрий Решке өздеріне берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындағандығын ерекше атап өтуге болады.
Наурыздың 29-31 күндері аралығында Бесқарағай колледжінің
«Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының мүшелері Шығыс Қазақстан облысынан шыққан Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровты еске алу мақсатында әскери – патриоттық спорт клубтары арасында онлайн өткізілген сайыстарға қатысып,  мақтау қағаздарымен марапатталды.

 «Қазақстанға  түбегейлі  жаңғыру және жаңа идеялар аркылы болашағын баянды ете түсуге теңдесіз тарихи мүмкіндік беріп отыр. Патриот болу дегеніміз  – өз еліңнің,  ұлы даланың  ұрпағы екенінді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу»,- деп Тұңғыш Президентіміз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «өз елім», «жерім» дейтін патриот азаматты тәрбиелеу әрқайсымыздың тікелей міндетіміз.

                                                                               Ербол ТОЛҚЫНБЕК,

Бесқарағай колледжінің АӘД  оқытушысы

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай