ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Қазақстан халқы – білімге, ғылымға құмар халық. Қазіргі  уақытта білекке  емес, білімге сенетін кез. Бесқарағай аудандық кітапханасында «Жаңа Қазақстан – жаңа әлемде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жастар ресурстық орталығы және колледж студенттері қатысты.

Кітапханашылар  Президент Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған жастарға жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несие  алуы сияқты Жолдауда айтылған ұсыныстарымен таныстырып өтті. «Ел болашағы – білімді ұрпақ» тақырыбы аясында Бесқарағай коллледжінің кітапханашысы А.Асылханова оқушылардың кәсіби құзыреттіліктерін  дамыту, мамандардың беделін жоғарылату және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру мақсатында өтіп жүрген «WORLDSKILLS» чемпионатына  қатысып, жүлделі орындар иеленіп, биіктерден көрінген  студенттердің жетістіктеріне тоқталды.  «Жастар – елдің болашағы» тақырыбында жастар ресурстық орталығының әдіскері А.Амангелдинова жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесу, қолдау көрсетуі  туралы айтып, слайдпрезентация арқылы атқарылған іс-шараларға тоқтала отырып, өз ойларын айтып, болашаққа деген өз жоспарларымен бөлісті.  Іс-шара соңында   тәуелсіздігімізді мақтан тұтатындықтарын  жастарымыз мақтана  айтып,  өз еліне жеріне деген сүйіспеншіліктерін өлеңдер оқу арқылы жеткізді. Қазіргі кезде Қазақстанды одан әрі дамытатын білімді ұрпақтар біздің ортамызда өсіп – өніп келеді. Олар бәсекеге қабілетті, егемен елдің тұтқасын ұстар біздің келешегіміз. Мағжан Жұмабаев жырлағандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қайратты . Мен жастарға сенемін!»  Біз жастарға сенеміз!

 

Ж.АЛПЫСПАЕВА,

аудандық кітапхана директоры 

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай