ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бесқарағай ауданындағы ауылдық округтердің әкімдері ауылдарда жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге қабылдаулар өткізуде. Аумақты тазалауға және отын жинауға көмек көрсету бойынша «Тимур командалары» жұмыс істейді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі Бесқарағай аумақтық орталығының ұжымы ауылдық округтерге барып, тыл еңбеккерлерінің, жалғыз тұратын қарттардың, үй жағдайында қызмет алатын зейнеткерлердің үйлерін аралап, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ауданның дербес бөлімдерінің, ұйымдары мен мекемелерінің басшылары өздеріне бекітілген қарт адамдарға естелік сыйлықтар, кәдесыйлар, грамоталар мен ашық хаттар табыс етті.

Аудандық орталық ауруханада қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету бойынша ашық есік күнін өткізу жоспарға енгізілді.

Р.ЗАДЕНОВ,

Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы                                    

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай