Қысқа мерзімді оқуға жолдаудағы негізгі мақсат – жұмыссыз азаматттардың кәсіби біліктілігін арттырып, оларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға даярлау. Жаңа мамандық меңгерген азаматтар тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алып, өңірдің кадрлық әлеуетін арттыруға үлес қосады. Осы бағыттта аудандық Мансап орталығымен жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
2025 жылы 16-шы маусымда жұмыс берушілердің Мансап орталығына берген өтінімдеріне сәйкес, 15 адам «Ветеринарлық санитар» мамандығы бойынша аудандық Бесқарағай колледжіне қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Оқу барысында кәсіптік оқуға қатысышулар теориялық және тәжірибелік білім алып, шаруа қожалықтарының базасында тәжіриебелік дағдыларын шыңдады. Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде қысқа мерзімді оқуды тәмамдаған 15 қатысушыға салтанатты түрде куәліктері табысталды. Аталмыш шараға Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Г.М.Шаукарова, көші-қон және оқу бөлімінің басшысы Г.С.Уалгазина, Мансап орталығының директоры А.К.Курмангалиева, Бесқарағай колледжінің директоры А.С.Нургожин қатысып, ізгі тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі.
А.Т.АХМЕТОВА,
Мансап орталығының маманы