Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Үздік полиглот» атты зияткерлік ойыны өтті.
Ойынға 7 ауылдық округтен сегіз қатысушы қатысты. Зияткерлік ойын «Бәйге», «Знатоки пословиц», «Кім жылдам?» және «Kahoot!» сынды 4 кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы «Бәйге» кезеңінде қатысушылар қойылған сұрақтарға уақытты үнемдеп, жылдамдыққа жауап берді. Бұл кезеңде Қарабас және Малая-Владимировка және Жетіжар ауылдық округтерінің өкілдері озып шықты.
«Знатоки пословиц» кезеңінде қатысушылар орыс тілінде берілген мақалдардың қазақ тіліндегі баламасын тауып, анықтай алды. Бұл кезеңде Канонерка және Баскөл ауылдық округтерінің тіл жанашырлары алғырлығымен көзге түсті.
«Кім жылдам?» кезеңінде қатысушыларға алдын ала әзірленген тапсырмада фразеологизмдер мен екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдеріндегі ұйқасты сөздер жасырылған. Бұл кезеңде де ойыншылардың жылдамдығы мен дұрыс жауабы ескерілді. Аталған кезеңде барлық сайысқа қатысқан барлық ойыншылар өз білімдерін көрсете алды.
Соңғы «Kahoot!» кезеңінде қатысушылар қойылған тапсырманы планшет және смартфонды қолданып, берілген тапсырмаларды орындады. Интернетті бағындыру жастардың қолында болғандықтан, Бесқарағай және Глуховка ауылдық округтерінен қатысқан жас мамандар бұл кезеңде айтарлықтай ерекшеленді.
Қатысушылар іс-шараның барлық кезеңдерінде белсенділік танытып, өздерін жан-жақты көрсетіп, рухани байып, қоржындарына мол ақпарат ала алды.
Іс-шара соңында ойыншылар алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы уақытта осындай, шаралар жиі ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді. Қатысушыларға орталық атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Т.Утепова,
Тілдерді оқыту орталығының маманы