Аудан әкімі Жарқынбек Байсабыровтың ауылдық округтерге іс сапары жалғасуда. Аптаның алғашқы күні Ерназар және Қоянбай ауылдарының тұрғындарымен жүздесіп, көкейтесті мәселелерін тыңдады.
-Ресей федерациясымен шекаралас орналасқан Ерназар және Қоянбай ауылдарының тұрғындарымен тілесіп, тыныс-тіршілігімен танысып қайттым. Халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік нысандарда болып, жұмысына көз жүгірттім. Қоянбай орта мектебі мен Ерназар орта мектебінің жаңа оқу жылына дайындығы қалыпты,- деді Жарқынбек Борашұлы.
Ауыл өмірі егін және мал шаруашылығымен сипатталады. Еңбекші халықтың ахуалын білу мақсатында аудан басшысы «Атшапқан»,» Мукинов», «Мақсұт» сынды шаруасын шалқытып отырған қожалық басшыларымен жүздесті.
Ауылдың қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу барысында, жер, су, интернет мәселелері көтерілді. Өңір басшысы өз сөзінде тұрғындар тілегі рет-ретімен орындалатындығын, бұл мәселелер назардан тыс қалмайтындығын тілге тиек етті.
Алтай алаңында Қарағайлы мен Қоянбай шекара бөлімшелерінің қызметкерлерімен жүздескен Ж.Байсабыров шекарашылар жұмысымен танысты.
Жалпы, көгалдандыру арқылы ауыл ажарын арттыру қажеттігін айтқан аудан әкімі ауыл тазалығы бойынша ескертулер жасап, абаттандыру жұмыстарын ширатуды тапсырды.
Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ