Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов «AMANAT» партиясы Бесқарағай аумақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үймен қамтамасыз ету және өзге де салаларға қатысты мәселелер көтерілді. Әрбір азаматты мұқият тыңдаған Талғат Батырұлы туындаған мәселелерді шешу бойынша нақты шараларды ұсынды.
Әкім мен аудан тұрғындары арасындағы мұндай кездесулер жергілікті деңгейде туындайтын түрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін билік пен халықтың өзара іс-қимылының маңызды құралы болып табылады. Қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтар мен билік арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді
«ББ»-ақпарат