Туған ауылға қамқорлық – ортақ парыз

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Малая Владимировка ауылдық округінде сенбілік өтті. Шараға ауыл тұрғындары белсене қатысып, ауылға кіреберіс аумақ пен іргелес жерлерді күл-қоқыстан тазартып, арамшөптерді шапты.
Сенбілік – ауыл тұрғындарының туған жерге деген жанашырлығы мен бірлігінің айқын көрінісі. Іс-шара қоршаған ортаны абаттандыру мен экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Сол күні округке қарасты Бозтал ауылындағы «Атығай» мешітінің аумағында да тазалық жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар белсенділік танытып, тазалыққа үлес қосты.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы өз жалғасын табады. Алда – тағы да бірқатар экологиялық бастамалар мен көркейту жұмыстары күтіп тұр.
Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай