«Тимуршылар» командасы тағы қуантады 

Еріктілер

«Тимуршылар» командасы тағы қуантады 

Жуырда Қоянбай орта мектебінің 8-10 сынып оқушыларынан құрылған «Тимур және оның командасы» тобы ауыл қарияларының жағдайын сұрап, көмек көрсетуге барды.

Сыныптағы оқушылар Майра әжейдің бақшасын қоқыстан тазартып, ауласындағы шөптерді отады. Бірлігі бекем оқушылар аға ұрпаққа шын ниеттерімен көмектесіп, әр істі тиянақты атқарды.  Майра апаның да қуанышында шек болмады.

Өз әрекеттеріне риза болған балалар бұл игі істі алдағы уақытта жалғастыратындықтарын айтты.

А.БЕКСОЛТАНОВА,

Қоянбай орта мектебінің тәлімгері    

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай