ТАЛҒАТ МҰРАТОВ – БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен және Абай облысы әкімінің өкімімен Бесқарағай ауданының әкімі лауазымына Талғат Мұратов тағайындалды.

Талғат Батырұлы Алматы облысы Қаратал ауданы Кәлпе ауылында дүниеге келген.

2007 жылы – Қазақ бас сәулет құрылыс академиясын, 2015 жылы – Қазақстан инновация университетін, 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтаған. Еңбек жолын 1993 жылы «Стройдеталь» жеке кәсіпорнының атқарушы директоры қызметінен бастады. Әр жылдарда түрлі мекемелерде басшылық қызмет атқарды. 2014-2018 жылдары Бесқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы болды.

2018 жылдан бастап бүгінге дейін Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан көпұлтты өңіріміздің жаңа басшысының жұмысына табыс тілейміз.

 

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай