Бесқарағай аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға сот төрағасы, Бесқарағай ауданы прокуратурасының өкілдері және Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасы К.Қартабаев Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес заңды күшіне енген кезде орындалуға жататын барлық шешімдер, үкімдер мен сот қаулылары Қазақстан Республиканың бүкіл аумағында міндетті болып табылатынын атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар сот актілерін орындаудың түйткілді мәселелеріне тоқталып, оларды орындауға кедергі келтіретін себептерді және уақытылы орындау бойынша қабылданған шараларды талқылады.
Іс-шараны қорытындылаған Бесқарағай аудандық сотының төрағасы К.Қартабаев қатысушыларға мазмұнды және сындарлы диалог үшін алғыс білдірді.
Бесқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі