СӨРЕДЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ   

Азық – түлік құны қол жетімді бағада болуы керек. Ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында тұрақты түрде жәрмеңке ұйымдастырылады. Төрт түлігін түлетіп, таза, табиғи өнімін өндіріп отырған қарағайлы өлкедегі ірі қожалықтардың тауарлары қойылған сенбілік жәрмеңкеге аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров қатысты.

-Аудан орталығында бағаны тұрақтандыру бойынша, тұрақты түрде әр сенбі сайын өткізелетін ауылдық округтердің ауылшаруашылық жәрмеңкесін аралап көрдім. Бекітілген кестеге сәйкес Ерназар, Долон, Малая-Владимировка, Бесқарағай ауылдарының ет, сүт, көкөніс өнімдері қолжетімді бағамен  саудаланды,- деп атап өтті Жарқынбек Борашұлы.

Бұл күні мал еті мен сүт өнімдерінің бағасы төмендетілді. Табиғи таза және сапалы өнімдерге аса мән берілген. Нарықтағы бағадан анағұрлым төменірек болғандықтан болар, сөрелердегі тауарлардың басым бөлігі алғашқы 2-3 сағатта саудаланды. Мұндай шара әр апта сайын жалғаспақ.

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай