Соңғы қоңырау соғылып, жас түлектер үлкен өмірге қанат қақты. Әлемдік білім беру жүйесі пандемия салдарынан үлкен сынақтан өтті. Соған қарамастан жас ұрпақтың көкірегіне білім мен тәрбие нұрын шашудың жаңа жолын игерген сала мамандары дәстүрлі және қашықтық форматында нәтижелі білім берді.
Биылғы оқу жылы облысымыздан 8780 оқушы өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басты. Оның ішінде 752 «Алтын белгі», 476 үздік аттестат иегерлері бар.
-Қымбатты мектеп түлектері! Құрметті ұстаздар мен ата – аналар Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүрегімнен құттықтаймын!
⠀ Біз бүгінде халықаралық, республикалық зияткерлік турнирлердің жүлдегерлері, ғылыми конкурстардың жеңімпаздары, дарынды музыканттар мен суретшілер атанған түлектерімізді зор мақтанышпен шығарып саламыз.
⠀ Бүгіннің өзінде Бесқарағай ауданының ең талантты оқушылары еліміздің беделді оқу орындарынан шақырту алып жатыр.
Осы сәтті пайдаланып, ерекше алғысымды ұстаздар мен ата — аналарға білдіргім келеді. Сіздер жаңа жағдайда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, нағыз ерлік таныттыңыздар! Сіздердің арқаларыңызда оқу жылы толықтай қашықтан оқыту форматында өтті. Бұл біздің білім саласында бұрын — соңды болмаған оқиға, қиын кезде балаларына тіреу болған ата — аналардың еңбегі өлшеусіз.Сіздердің қолдауларыңыз, үйде отырып, білім алуға жағдай жасауларыңыз қашықтан оқытуды ұйымдастыруға бізге мүмкіндік берді,- деп ұстаздар мен оқушыларға, ата-аналарға жылы лебізін арнаған ауданның бас ұстазы түлектерге ақжарма тілегін жеткізді: -Құрметті мектеп бітірушілер, ең бақытты кез ол сіздердің студентік кездеріңіз болады. Әркім өз болашағының жарқын болғанын қалайды. Сіздер мықты ғалым, табысты кәсіпкер ғана емес, адамгершілігі зор, жақсы адам, биік тұлға болатындықтарыңызға сенімдімін.
Тәуекелге бел буу арқылы ғана әркім өз таңдаған мамандықтың иесі бола алады. Ең бастысы мүмкіндіктерді пайдалана білу керек. Маусым айында өтетін ҰБТ — ға қатысуға аудан мектептерінің 140 түлегі өтініш берді. Бұл жай ғана сынақ. Басты құндылықтарыңыз — адалдық, әділдік, махаббат қарапайымдылық, батылдық болу керек.
Жалпы аудандағы 21 мектепте 2966 оқушы бар. 268 жас түлек алтян ұяларынан ұшпақ. Оларың 21-і «Алтын белгіге», 10-ы «Үздік аттестатқа» үміткер. Ұстаздардың айтуынша, ҰБТ-ға дайындық ойдағыдай, бітірушілердің бағы мен бабы қатар шапса деген үлкен тілек бар.
Биыл елімізде 150 мыңға жуық оқушы 11-12 сыныпты, ал 270 мыңға жуық бала 9-сыпыты тәмамадайды екен. «Алтын белгіге» үміткерлер қатары 9,5 мыңнан асады.
Жалпы биыл елімізде 150 мыңға жуық оқушы 11-12 сыныпты, ал 270 мыңға жуық бала 9-сыпыты тәмамадайды екен. «Алтын белгіге» үміткерлер қатары 9,5 мыңнан асады.
Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ