Бизнес және сервис колледжіндегі N82 сайлау учаскесі өз сайлаушыларымен осылайша ерекше кездесуде.
Колледж директоры, учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Альмира Хожанова атап өткендей, учаске жұмысқа толығымен дайын, сайлаушылар дауыс беруге келіп жатыр.
– Біздің сайлау учаскесі жұмысын бастады. Бүгін 9 байқаушы тіркелді. Учаскеде 1532 сайлаушы бар. Олардың барлығы келіп, дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз. Дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалған, — деді Альмира Хожанова.
Мұнда сайлаушылар үшін Наурыз мейрамына орай шағын дәмді сыйлықтар дайындалған.
– Сайлаумен қатар біздің студенттердің аспаздық өнімдерінің көрмесі өтуде. Биылғы сайлау Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келді деуге бооады. Сондықтан сайлаушыларға бауырсақтар ұсынып жатырмыз,- деді Альмира Хожанова.