Ревакцинация — саулық кепілі

Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген COVID-19 инфекциясы әлі толықтай басылмай тұр. Аты жаман індетті ауыздықтау мақсатында коронавирусқа қарсы түрлі вакцина пайда болып, елімізде екпе алу науқаны өткен болатын. Ал қазіргі таңда вакцина алған жандарға белгілі бір уақыттан соң ревакцинация жүргізіліп жатыр. Қазіргі жағдайда вакцина мен ревакцинацияның қажеттілігі зор.

Ауданда барлығы 12 233 адам вакцина алды. Бұл екпе алуға  жататындардың 105 пайызын құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 маусымына қайта вакцинацияланған халықтың саны 11072 адамды немесе қайта вакцинацияға жататындардың жалпы санының 90,5 пайызын құрады.

2021 жылдың қараша айынан бастап Pfizer «Комирнати» бірінші компонентін алған балалардың, жүкті және бала емізетін аналардың жалпы саны – 1663 адам. Биылғы  жылдың маусым айынан бастап бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 6 ай өткеннен кейін ауданда халықты қайта вакцинациялау басталды.

Бүгінгі күні қайта вакцинациядан — 4012 адам өтті, бұл қайта вакцинацияға жататын халықтың жалпы санының 36,2 пайызын құрайды. Қайта вакцинациялау жұмысы жоспарлы режімде жалғасуда.

 

Е. САНҚАЙБАЕВ,

Бесқарағай аудандық ауруханасының бас дәрігері

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай