ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Өткен жексенбіде Баскөл ауылдық округінің Бөкебай ауылында орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. «Семей орманы» МОТР» РММ Бөкебай филиалының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен Баскөл ауылдық округінің әкімі Қ.Бытебаев, Бөкебай филиалының директоры М.Карымов құттықтады.

 

Орман шаруашылығы саласында үздік еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен  орман шаруашылығының ардагерлері, қарағайлы орманды өрттен қорғаған өрт сөндірушілер Баскөл ауылдық округі әкімінің, Бөкебай филиалы директорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік іс-шара барысында орман шаруашылығының ардагері Қ.Ш.Шайдуллинді еске алуға арналған шахмат турнирі, орман шаруашылығы қызметкерлері арасында ағашты уақытқа кесуден, гір көтеруден, арқан тартудан спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Шахмат турниріне Бесқарағай, Бозтал, Бөкебай ауылдарынан ойыншылар қатысты. Шахмат турнирін өткізуге Бөкебай ауылының тұрғындары, жерлестер демеушілік көмектерін көрсетті.

Сонымен қатар Дөңгелек орманшылығында Қарабас ауылдық округінің әкімі С. Байқадамов Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Ербол ЕРЕНҰЛЫ

 

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай