Өнімге сұраныс бар

Өткен сенбіде Бесқарағай ауылының орталық алаңында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілердің өнімдері үлкен сұранысқа ие болды.

халықты қолжетімді азық -түлікпен қамтамасыз етіп, қолжетімділігін арттыруды көздеген жәрмеңкеге Бесқарағай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров арнайы келіп, сауда нүктелерін аралады. Кейбір өнімдердің сапасын тексеріп, бағасын сұрады.

Бұл жолғы жәрмеңкеде Бесқарағай, Беген, Глуховка, Долон және Малая-Владимировка ауылдардың тауар өндірушілері халыққа қолжетімді бағамен табиғи азық-түлік ұсынды. Тұрғындар әсіресе, ет, сүт және көкөніс өнімдерін көптеп сатып алды.

Ерболат РАХМЕТУЛИН

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай