Бесқарағай ауданының Мансап орталығы – облыстық байқаудың жүлдегері атанды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілген «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» облыстық байқауының қорытындысы бойынша Бесқарағай ауданының Мансап орталығы екінші орынға ие болды.
Аталған байқау мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, халыққа қолжетімді әрі сервистік үлгідегі қызмет көрсету тәжірибесін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Жүлдегерлерді салтанатты түрде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шәріпов марапаттады.
Бұл жетістік – аудан көлемінде сервистік әкімдік қағидаттарын іске асыру бағытында жүргізілген нәтижелі жұмыстың айғағы. Алдағы уақытта да тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсетуге басымдық беріледі.
Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі