«Мигрант»

Көші-қон еліміздегі ұлттық қауіпсіздікке, әлеуметтік-экономикалық жағдайға тікелей әсер ететін сала болғандықтан, көші-қон процестерін реттеп, заңсыз көші-қонның алдын алу үшін тиісті құқықтық негіздер жасау өте маңызды.

Қоғамдық тәртіпті қолдау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республиасында болу қағидаларын бұзушылықтарды анықтау мақсатында 5-12 шілде аралығында Бесқарағай ауданы аумағында «Мигрант»  жедел-профилактикалық іс шарасы өткізіледі. Іс-шараға барлығы аудандық полиция басқармасының тоғыз қызметкері жұмылдырылды. «Заңсыз келуші-2021» жедел профилактикалық іс-шарасының алтыншы күнінде халықтың көші-қоны туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы бойынша 22 шетел азаматы, осы кодекстің 518 бабы бойынша 10 Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата заңымыздың талаптарын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді жұмысқа тартқаны үшін еліміздің бір азаматы жоғарыда аталған кодекстің 519 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай