Мектептегі мереке

Ұлыстың ұлы күні Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған. «Наурыз» сөзі – біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

Осы берекелі күн Қоянбай орта мектебінің кітапханасында «Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында ерекше тойланды. Мектепте ұстаздардың, оқушылардың және келген қонақтардың назарына наурыз мейрамына орай мерекелік көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылардың қолдарынан шыққан А3 форматындағы суреттер, 3D форматындағы буклеттер және наурыз мерекесінің тарихы туралы ақпараттар қамтылған. Сонымен қатар кітапханада мектебіміздің техикалық қызметкерлері және оқушылардың қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараны кітапханашы кіріспе сөзімен бастап, 8-сынып оқушылары Аружан Пшенбаева, Фариза Ерғанат және Гаухар Мырзахметтің орындауында «Қазақ» биімен ұласты. Қазиза Дженаева апамыз «Тұсау кесу» рәсімін жасап, балапан Диастың тұсауын кесті. Қазақы дәстүрмен шашу шашылып, игі тілектер айтылды. Іс-шара соңында Мұхит Бексолтанов ағамыз наурыз бата беріп, ақ тілегін арнап, кешті аяқтады.

Кульпан БАТТАЛОВА,
Қоянбай орта мектебінің
кітапханашысы

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай