МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

28 қазан күні Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратовтың төрағалығымен   аудандық әкімдікте Бесқарағай ауданы әкімдігінің отырысы өтті. Отырысқа мәслихат хатшысы, облыстық мәслихат депутаты,  аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары және ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде  ағымдағы жылдың алғашқы 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы,  аудандағы эпизоотиялық жағдай және мал ауруларының, бруцеллездің алдын алу туралы баяндама жасалды. Сонымен бірге,  2023 жылдың бірінші жартыжылдығына мерзімді басылымдарға жазылу барысы, негізгі азық-түлік өнімдеріне және жанар-жағар май бағаларын ұстау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар,  қайта вакцинациялауға жататын тұрғындар арасында өткізілетін іс-шаралар,  2022 жылдың күзгі кезеңінде азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыру барысы туралы ақпараттар тыңдалды.

Алғашқы сауал – 2022 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде экономика және қаржы бөлімінің басшысы Майгүл Абылкасова баяндады.

Ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 84,5 пайыз өсу қарқынымен 979,5 млн. теңгеге орындалды, физикалық көлем индексі 86,1 пайызды құрайды. Тау-кен өнеркәсібі биылғы қаңтар-қыркүйек айларында 310,5 млн.теңге немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 83,6 пайыз көлемінде орындалды. Физикалық көлем индексі -122,2 пайыз. Өңдеу 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 504,5 млн.теңге немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 83,2 пайыз көлемінде орындалды. Физикалық көлем индексі 58,6 пайызды құрайды,- деді Майгүл Қанатқызы.

Сонымен бірге, бөлім басшысының айтуынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2021 жылдың осы кезеңінде 954 бірлік болса, биыл 985 бірлікке артқан. Демек, кәсіп ашып, кәсібінен нәсібін тауып отырған жандар қатары толыққан. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлемінің де көбейгендігі қуантады. Былтыр жергілікті бюджетке 665,6 млн.теңге түсім түссе биыл ол 715,0 млн. теңгені құрады.

Келесі ретте аудандағы аудандағы эпизоотиялық жағдай және мал ауруларының, бруцеллездің алдын алу жөнінде «Бесқарағай–Вет» мекемесінің директоры Ербол Абдрахманов баяндады.

-Бесқарағай ауданы бойынша 2022 жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу, ветеринарлық дәрі-дәрмектер сақтау, егу жұмыстарын және серологиялық зерттеулер жүргізу мақсатында 87710,00 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың ақпанынан бастап жоспарға сәйкес жануарлар  ауруларын уақтылы анықтау мақсатында лабораториялық зерттеулер және жоспар бойынша жұқпалы ауруларға қарсы алдын-ала егу жұмыстары жүргізілуде. Аймақтың эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету және аса қауіпті аурулардың алдын-алу жөніндегі негізгі шаралардың бірі – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру. Ағымдағы жылы ІҚМ  төлдері бірдейлендіру жоспары 16960 бас болса, ол  83 пайыз орындалды, -деді Ербол Оразбекұлы.

Баяндамашы мал аураларының алдын алу мақсатында атқарылған шаралар жөнінде айта келе, кадр тапшылығы, мал қорымдарының жеткіліксіздігі, материалдық-техникалық базаның нашарлығы сынды ветеринария саласындағы проблемаларға тоқталды.

Сонымен бірге, отырыста негізгі азық-түлік өнімдеріне және жанар-жағар май бағаларын ұстау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, қайта вакцинациялауға жататын тұрғындар арасында өткізілетін іс-шаралар жөнінде ақпарат берілді. Аудан әкімі Талғат Батырұлы жаупты мамандарға тиісті тапсырма беріп, жиынды қорытындылады.

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай