МАМАННАН КЕҢЕС АЛДЫ

5 қазанда М-Владимировка ауылдық округіндегі Бозтал ауылында Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру шеңберінде зейнетақы жүйесін дамыту мәселелері бойынша зейнеткерлік жасқа дейінгі әйелдермен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 1 қыркүйегінде халыққа жолдаған Жолдауында елімізде базалық зейнетақының мөлшері артатынын, әйелдер үшін зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалатынын айтқан еді.

«Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді. Алда зейнетақы жүйесін айтарлықтай қайта жүктеу керек. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120 пайызға дейін дәйекті түрде жеткізу керек. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деген еді Президент.

Кездесу барысында әйелдер зейнетақы жүйесі бойынша өздерін толғандырған сауалдарын қойып, маманнан кеңес алды.

 

Әйгерім Сәрсенқали

Мақаланы әлеуметтік желіге бөлісу
Біздің Бесқарағай